Дүниежүзілік баланы емізу апталығы: бірінші кеңес

106 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Наталья Юшицина UNFPA Kazakhstan-мен серіктесе отырып, жаңа туылған сәбилердің анасына арналған пайдалы кеңестер сериясын ұсынады. Сонымен бірінші кеңес.

Аналар үшін босанудан кейінгі гигиена

Инфекцияны болдырмау үшін мынандай ұсынымдарды сақтаңыз:
1.Үнемі душ немесе жылы ванна қабылдаңыз.

2. Егер сізге Кесарь тілігі операциясынан кейін немесе босанудан кейінгі жыртылудан немесе эпизиотомиядан кейін тігістер салса, тек душ қабылдаңыз. Жарақат жазылғанға дейін ванна қабылдамаңыз.

3. Хош иістендірілген сабынды қолданбаңыз.

4. Емізуге дейін және одан кейін кеудеңізді сабынмен жумаңыз, бұл қажет емес. Ағып тұрған судың астында жусаңыз, жеткілікті.

5. Дәретханаға барған сайын сабынсыз немесе қандай да бір дезинфекциялаушы құралдарсыз таза жылы сумен жуыныңыз.
6. Тігістер салынған орынды жұмсақ матамен немесе орамалмен ақырын ұрғылап кептіріңіз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО сайты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған