Дүниежүзілік баланы емізу апталығы: үшінші кеңес

92 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Наталья Юшицина UNFPA Kazakhstan-мен серіктесе отырып, жаңа туылған сәбилердің анасына арналған пайдалы кеңестер сериясын ұсынады. Сонымен үшінші кеңес.

Баланы мұздатып немесе ыстықтатып алмаңыз.

• Балаға арналған бөлменің температурасы 22–24 ⁰С болуы тиіс, өтпе желдердің болмауын қадағалаңыз.

• Баланың төсегін терезенің қасына немесе суық қабырғаның жанына қоймаңыз.
• Баланы орамаңыз. Кең киім (жұқа жейде, кеудеше, жөргекше және кішкентай шалбар) кигізіңіз, аяғына шұлық кигізіңіз.

• Бала жатқан бөлмені әр 3 сағат сайын 10-15 минуттан желдетіп тұрған дұрыс. Бұл кезде баланы басқа бөлмеге апару керек.

• Баламен серуендеуді бастау жыл мезгіліне байланысты алайда,
ауа-райы қатты суық болмаса, перзентханадан шыққаннан кейін екі-үш күннен кейін серуендеуге болады. Баламен серуендеген кезде таза ауамен дем алуы және шынығуы үшін оның беті ашық болуы тиіс. Серунге шығу ұзақтығығын біртіндеп арттырыңыз. 10–15 минуттан бастап қыста 30–60 минутқа дейін және жазда 1–2 сағатқа дейін ұзарта отырып, күніне 2–3 рет серуендеңіз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО сайты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған