Дүкендер мен кафе қызметкерлері КВИ-ден қалай қорғануы керек?

237 қаралу саны

Қызметі адамдармен тығыз байланыста болатын қазақстандықтар, вирустың алдын-алу және одан қорғау шараларына мұқият болу қажет.

Мұндай қызмет түрлеріне, дүкен, дәріхана, кафе, сондай-ақ курьерлік қызмет кіреді.

Қорғану шаралары:

• қолыңызды жиі жуыңыз;

• қолғап киіп, маска тағыңыз;

• жұмыс киімін киіңіз: алжапқыш, әрдайым тазартылып отыратын арнайы киімдер;

• қоқыстармен жанасудан аулақ болыңыз;

• жұмыста қолданылатын заттарды зарарсыздандырыңыз: касса, қалам, терминал, ұялы телефон, аяқ киім.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған