«Жақын байланыс» және үй карантині деген не? Бекшиннің қаулысының мәнісін түсіндіреміз

Фото из блога: Zauresh Balkenova
309 қаралу саны

Аталмыш қаулыны зерделеп, біз карантиннің не екендігін және вирустық инфекцияға байланысты оқшаулау кезінде не істеу керектігін білдік.

Сонымен бірге, сіздер қандай жағдайларда науқасты үйде оқшаулау керек екендігін және эпидемиологиялық байланыстың не екенін, карантиндік шаралар кезінде құқық қорғау органдар мен медицина қызметкерлеріне жүктелетін міндеттер туралы біле аласыздар.

COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу үшін кім жауапты?

Бұл қаулыда еліміздің бас санитарлық дәрігері Қазақстанның барлық атқарушы органдарынан қажеттілік туындаған жағдайда карантиннің түрлерін енгізуді талап етеді. 

Фото Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы
Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан

COVID-19  инфекциясының таралуына жол бермеу үшін барлық облыстар мен ірі қалалардың әкімдері, денсаулық сақтау басқармалары, көлік департаменті, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитеті, Ұлттық сараптама орталығы, барлық облыстар мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полициялары жауапты.  

Азаматтарды қорғаудағы өкімет пен мекемелердің ролі қандай? 

Науқастармен араласқандарды немесе коронавирустық инфекцияны жұқтырғандарды оқшаулау үшін қажетті карантиндік стационарлар  ұйымдастыру сынды  жұмыстарды жүргізуде басты міндет әкімшіліктерге жүктеледі.

Тексеру, емдеу, үйде оқшаулау сияқты медициналық жұмыстарға облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жауап береді.

Елжан Биртанов. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан

Зертханалық сараптама мен дезинфекция жұмыстарына Ұлттық сараптама орталығы жауап береді.

Полицияға науқастармен байланыста болғандарды іздестіру, оларды провизорлық және карантиндік орталықта оқшаулауға жәрдемдесу, сондай-ақ провизорлық және карантиндік орталықтарды күзету жүктелген.

 Эпидемиологиялық байланыс дегеніміз не?

Сонымен қатар, дәрігерлер азаматтарды вирустық инфекцияны жұқтыру қаупіне қарай қалай бөлетінін білген де пайдалы.   Мамандар тілінде ол «эпидемиологиялық байланыс» деп аталады.  Бұл тіркес  COVID-19 вирусын жұқтыру қаупі жоғары азаматтармен дені сау адамдардың байланыс түрлерін білдіреді.

Қаулыда эпидемиологиялық байланыс COVID-19 диагнозы (ауру белгілері пайда болғанға дейін) анықталғанға дейінгі 14 күн ішінде қарастырылатыны айтылған. Яғни, егер адам коронавирусқа шалдықты деген күдік туындаса, ол екі апта бойы бақылауда болу керек.

Карантинге кім жатқызылуы тиіс?

COVID-19 вирусын жұқтырған немесе жұқтырған болуы мүмкін азаматты тексеру барысында дәрігерлер науқаспен араласқан адамдарды анықтауы тиіс. Бұл адамдар қадағалау үшін карантинге жатқызылуы тиіс.

Байланыс екі түрге бөлінеді: жақын және ықтимал  байланыс. Байланыс түріне қарай адам стационарлық карантинге немесе үй карантиніне жатқызылады.

Байланыстың 9 түрі бар. Бұл туралы төменде  айтамыз. Оларды жатқа білудің қажеті жоқ, бірақ біліп жүргеніңіз артық етпейді.

Полицияға байланыста болғандарды іздестіруде жәрдем көрсету жүктелген. Сондықтан олардан қорқудың қажеті жоқ. Тәртіп сақшыларының міндеті – аурумен араласқан адамдарды қудалау емес, оларды іздеп табу.

 «Жақын байланыс» санатына кімдер кіреді?

  • COVID-19 жұқтырған адаммен бір үйде тұратындар;
  • науқаспен байланысты болғандар (мысалы, қол алысып амандасқан) ;
  • науқас түшкірген немесе жөтелген кезде қорғанысы болмағандар;
  • науқаспен 2 метрден жақын қашықтықта 15 минуттан артық бетпе-бет тұрғандар;
  • жабық ғимаратта науқаспен 15 минут және одан артық  2 метрден жақын қашықтықта болғандар;
  • науқасты күткен медициналық қызметкерлер немесе биологиялық үлгілермен арнайы киімсіз жұмыс істеген зертхана қызметкерлері;  
  • ұшақта, қаларалық қатынас автобустарында, поезда екі орын қашықтығында болған байланыс. 

«Ықтимал байланыс» санатына кім кіреді? 

  • 1А немесе 1Б  санатына жатқызылған елден келгендер; 
  • Коронавируспен ауырған науқаспен бір ұшақта, поезда, автобуста болған, бірақ жақын араласпағандар. 

Елдің коронавирусқа байланысты ахуалының қаншалықты қауіпті екені қалай анықталады? 

Елдердің коронавирусқа байланысты қауіптілік деңгейі:

  • Қытай
  • Иран

  • ҚХР
  • Оңтүстік Корея
  • Германия
  • Испания
  • Франция

Карантин қандай болады? 

Карантин әдетте оқшау тұрған ғимаратта (санаторий, оңалту орталығы, жатақхана, қонақ үй, балалар немесе спорт лагерлерінде) орналастырылады. 

Палаталар жарық, жақсы желдетілетін, жылы, 1-2 пациентке есептелген болуы керек. Сонымен қатар, жатын орны қолайлы, балаларға арналған арнайы жиектелген керуеттер  мен ерлі-зайыптыларға арналған жеке бөлмелер болуы керек. 

Жуасбаев Бауыржанның суреті

Азаматтарды профильді дәрігерлер, медбикелер, зертханашылар, эпидемиологтар, тіркеушілер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер қадағалайды. 50 азаматқа 1 дәрігер, 1 медбике, 2 санитар қарастырылуы тиіс.  

Жеке заттарыңыз, соның ішінде смартфондарыңыз санитарлық және гигиеналық өңдеуден өткізіледі.  .

Үйдегі оқшаулау (үй карантині) қалай ұйымдастырылады? 

Үй карантині COVID-19 вирусын жұқтыру ықтималдығын алдын –алуға бағытталған. Үй карантині 1Б санатындағы елден шығу немесе коронавирус жұқтырған адаммен ықтимал байланыс болған күннен бастап 14 күнге созылады.   

Айта кетерлігі, дәрігерлер кез-келген үйде немесе пәтерде карантин ұйымдастыруға рұқсат бермеуі мүмкін. Оқшаулау  өтетін баспанаға белгілі бір талаптар бар. 

Мысалы, жасы 65-тен үлкен қарттар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе созылмалы ауруы бар науқастар тұратын үй оқшаулауға жарамайды.   

Мұндай жағдайда мамандар азаматтарға стационарлық карантинге жеткізу туралы ұсыныс жасайды. Бұл талапты ескермеуге болмайды. 

Өз жақындары немесе қонағы үшін үй карантинін ұйымдастырған азамат оның талаптарын міндетті түрде орындайтыны туралы қолхат береді. 

Карантин талаптарын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған