COVID-19 жағдайына байланысты күйзеліс пен үрейді қалай жеңуге болады ?

74 қаралу саны

Күйзелісті жеңудің нақты бір жолы болмайтыны анық. Әркім әртүрлі әдіс қолданады. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары қазіргі жағдайда қорқыныштан арылып, жан тыныштығын сақтаудың бірнеше жолын қарастырып көрді:

  • Жағымды ойларға және жаныңызға жайлы естеліктерге басты назар аударған маңызды.
  • Көңіліңізді басқа нәрсеге бұрып көріңіз. Мәселен, өзіңізді ненің қуанта алатыны, қандай жолмен жаныңызды тыныштыра алатындығыңыз жайлы.
  • Теріс эмоциялардан арылыңыз. Ол күйзелісті күшейтіп, депрессияға әкелуі мүмкін.
  • Егер сізді немесе отбасыңыздың мүшелерін БАҚ арқылы берілетін репортаждар қатты үрейлендіретін болса, оны көруге немесе тыңдауға кететін уақытты шектеңіз.
  • Қауіп-қатерді анықтауға және дұрыс сақтық шараларын қабылдауға көмектесетін сенімді ақпарат көздерін пайдаланыңыз.
  • Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Эмоцияны басу үшін темекі шекпеңіз және ішімдіктен аулақ болыңыз. Егер одан арылу қиын болса, медициналық немесе психологиялық көмекке жүгініңіз.
  • Көбірек күліңіз. Күлкі – күйзелістің таптырмас профилактикасы.
  • Дәрігерлер мен психологтар күйзелістің алдын алу үшін күн сайын 10-30 минут аутогенді жаттығулар жасауға кеңес береді.
  • Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Хобби – бұл күйзелістің жақсы профилактикасы. Сондықтан, өзіңізге «маған немен айналысқан ұнайды» деп сауал қойып көріңіз. Мүмкін, өлең жазғанды, кулинарлық өнер туындыларын дайындағанды немесе психологияны оқып-үйренгенді ұнататын шығарсыз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған