COVID-19 пандемиясы кезіндегі КТ және цифрлық рентгенография

13 қаралу саны

Маусым айында компьютерлік томографияны жүргізу артты. Халықтың коронавирусқа тесттердің көбі оң нәтиже көрсетті.

Коронавирусты анықтаған адамдар өкпенің КТ-нан өте бастады. Дәрігерлердің айтуынша, келесі белгілер орын алды:

● кеуде қуысының ауыруы;

● ентігу;

● тыныс алудың қиындауы;

● қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі.

Мамандардың айтуынша, КТ-ны негізсіз жүргізу дәрігерлердің жұмысын қиындатады, сонымен қатар мұқтаж адамдарға томография жүргізу мүмкіндігін азайтады.

Әр пациенттен кейін санитарлық тазартуды жүргізу қажет, бұл күту уақытын арттырады. Қазіргі уақытта елімізде барлығы 135 томограф жұмыс істейді.

Тыныс алу жолдарының ауруларын диагностикалау үшін цифрлық рентгенография аппараттары қолданылады, қазіргі заманғы құрылғылар жоғары ажыратымдылыққа ие.

Бүгінде елімізде 3 мыңнан астам рентген аппараты жұмыс істейді, оның ішінде 1118 -і – ауыл халқына диагностикалық қызмет көрсету үшін қолданылатын жылжымалы аппараттар.

УДЗ, рентген, жалпы қан анализі – бұл тексерудің тиімді балама нұсқалары. Жоғарыда аталған талдаулардың нәтижелері қабыну процестерін анықтауға мүмкіндік береді және емдеу алгоритмін түзетуге көмектеседі.

Деніңіз сау болсын!

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған