COVID-19: Коронавирустан сақтандыру жүйесі Қазақстанда қалай жолға қойылып жатыр

61 қаралу саны

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап тараған COVID-19 індеті әлемді әлі де әбігерге салып тұр. Бүгінге дейін пандемия 215 елді шарпып, 33 миллионнан астам адам ауруға шалдықты. 1 миллионнан астам адам көз жұмды. Пандемияға байланысты өмірді сақтандыру жөніндегі отандық және шетелдік компаниялар COVID-19 ауруынан сақтандырудың жаңа тетіктерін даярлап іске қосты. Осы ретте Freedom Finance Life компаниясы ашық мәліметтерді зерттей отырып, сақтандыру жүйелері Қазақстанда қалай енгізілгеніне талдау жасады.

Коронавирустан жаппай сақтандыру елде 2020 жылдың сәуірінде басталды. Маусым айында Corona Protect бағдарламасы бойынша Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы бастапқы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыра бастады. Ауруханаға жатып емделу кезінде қазақстандықтар дене қызуының 39-дан түспеуі, жөтел, қалтырау, тыныс алу қиындығы секілді симптомдардың барын айтып жатты. Аталған бағдарлама бойынша ең көп сақтандыру төлемдері Алматы қаласында жүзеге асырылды. Келесі кезекте төлемдер атқару тізімінде – Ақтау қаласы. Freedom Finance Life компаниясында төлем алған әрі сақтандырылған азаматтардың орташа жасы – 30-50 жас. Қазіргі уақытта Corona Protect бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалар полис ресімдеген. Соның ішінде 42% ерлер және 58% әйелдер құрайды. Еске саламыз, Corona Protect сақтандыру полисі 6 ай бойы бүкіл әлемде қолданады. Оның ережелеріне сәйкес, емханаға жатқызылған кезде, қаржылық көмек алуға болады. Ал сақтандырылған қайтыс болған жағдайда, төлемді мұрагерлеріне тиеді. Таңдалған пакетке сәйкес сақтандыру құны 4 900 теңгеден 24 500 теңгеге дейінгі аралықта болады. Ал төлемдері – 100 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі сома. Жасы 2-ге толған және 60-тан аспаған қазақстандықтардың сақтандырылуы мүмкін. Сақтандыруды компанияның сайтында немесе SMS арқылы жүзеге асыруға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған