COVID-19: қауесеттер пен дәйекті дәлелдер

79 қаралу саны

1. Қауесет: Алкогольді ішімдік COVID-19 вирусының алдын алуға көмектеседі.

Дәйекті дәлел: Алкогольді ішімдік коронавирустық инфекциядан қорғамайды. Керсінше, иммундық жүйенің инфекциялармен күресу қабілетін төмендетеді.⠀

2. Қауесет: COVID-19 вирусын маса мен шыбын-шіркей таратады.

Дәйекті дәлел: Бүгінгі таңда, маса мен шыбын-шіркей COVID-19 вирусын таратқандығы туралы ешқандай дәлел жоқ. Коронавирус инфекциясы, ең алдымен, ауа тамшылары арқылы таралады.⠀

3. Қауесет: Мұрынды тұзды сумен шайып отыру коронавирустың алдын алуға көмектеседі.

Дәйекті дәлел: Мұрынды тұзды сумен шайып отыру коронавирустың алдын алуға көмектеседі деген дәлел жоқ. Коронавирустан қорғаудың негізгі тәсілдері – қолды мұқият жуып, маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау.

4. Қауесет: Күн сәулесі вирусты жоюы мүмкін.

Дәйекті дәлел: COVID-19 вирусының кез-келген ауа-райында тарала беретіні дәлелденді: қаншалықты күн ашық, ыстық немесе ылғалды болса да.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған