Бронх демікпесін қалай болдырмауға болады?

131 қаралу саны

Жаз – түрлі өсімдіктердің, терек мамығы мен аллергия, жайсыздық тудыратын басқа өсімдіктердің гүлдену уақыты. Олар денсаулыққа әсерін тигізіп, бронх демікпесінің пайда болуына септігін тигізуі мүмкін.

Бронх демікпесі дегеніміз – бұл аллергеннің әсеріне жауап ретінде немесе салқын тию салдарынан ауыру, дене жүктемесі, эмоциялық күйзеліс аясында ентігу, тұншығу ұстамасы түрінде білінетін, тыныс алу жолдарының созылмалы аллергиялық қабынба ауруы.

Сонымен, бронх демікпесінің пайда болу тәуекелдерінің факторлары қандай? Ең алдымен, бұл тұқым қуалауға бейімділік, сондай-ақ, жиі түрдегі аллергиялық ринит.

Тұрмыстық химия (жуушы және косметикалық құралдар), соның ішінде, пассивті темекі тарту да ықтимал. Жағымсыз сезімдер үй-жай ішіндегі аллергендерді арандатуы мүмкін, олар – үйдегі шаң-тозаң, зең, жануарлардың жүні, сондай-ақ, үй-жайдан тыс аллергендер, олар – гүлтозаң, терек мамығы мен басқалары. Антибиотиктерді және иммунокүшейткіштерді бақылаусыз пайдалану, өндірістегі химиялық тітіркендіретін заттар және атмосфералық ауаның ластануы бронх демікпесінің пайда болу себебі атануы мүмкін.

Ересектерде демікпенің алдын алу ретінде салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береміз, шынығу, таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану, дене салмағын қалпына келтіру. Үй-жайдың ылғалды тазалауын тұрақты жүргізген маңызды, зеңді, тозаңды жою, бұл ретте ұшпалы тұрмыстық химияны пайдаланудан бас тарту. Зиянды әдеттерден (темекі тарту, кальян шегу) бас тартыңыз, дене шынықтыру және спортпен шұғылданыңыз, күйзелістен аулақ болыңыз. Жұмыс орындарында кәсіптік зияндылықтардың – тозаңның, химиялық уытты заттардың әсері болмауы қажет. Тыныс алу жолдарының ауруларын, әсіресе, аллергиялық ринитті уақытылы анықтау және емдеудің – бронх демікпесінің алдын алатынын ұмытпаңыз.

Балалардағы бронх демікпесінің және аллергияның алдын алу туралы тағы бірнеше ұсыныс. Ең алдымен, жүктілік және бала емізу кезеңінде тиімді тамақтанып, қабылданатын дәрі-дәрмектерді максималды түрде шектеңіз. Алғашқы 6 айға дейін бала емізуге тырысыңыз. Аллергиясы жоғары тамақ өнімдерінің (ара балы, шоколад, тауық жұмыртқалары, жаңғақтар, цитрус және басқалары) қолданылуын шектеңіз. Баланың өмірі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз. Пассивті темекі тартудан бас тартыңыз, үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз, тазалықты сақтап, балалармен таза ауада серуендеңіз. Балаңыздың денсаулығын қадағалаңыз, жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын уақытылы анықтап, емдеген маңызды.

Бронх демікпесін уақытылы анықтау және дұрыс емделу толыққанды өмір сүруіңізге мүмкіндік береді!

Есіңізде болсын! Бронх демікпесін емдегеннен гөрі оның алдын алу оңай!

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған