Ботулизмнің алдын алыңыз!

80 қаралу саны

Ботулизм – тағамнан улану, ол көбінде өлімге әкеліп соғады. Бұл ауру  тағам құрамында асқазан сөліне төзімді улы токсиннің болуымен маңызды. Ботулизм термині латын сөзі  «botulus»-тен алынған. Қоздырғыш анаэробты жағдайда тіршілік етеді, яғни өмір сүру ортасында оттегі болмауы керек. Микроорганизм бөліп шығаратын токсин эпидемиологиялық жағынан маңызды саналады, мұнда тағамның дәмі, сыртқы түрі ешбір өзгеріске ұшырамайды, тек өте сирек кездестін белгі – газ бөлінуіне байланысты қақпағы көтеріледі («бомбаж»). Ағзаға түскен токсиндер жүйке жасушаларында тұрып қалғаннан соң, ағзадан бөлініп шықпайды, бұл тыныс алу және жүректің жұмысының жеткіліксіздігінен өлімге әкеліп соғады.  

Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын гастроэнтерит симптомдары жатады (жүректің айнуы, құсу, бас ауру), бара-бара бұл ботулизм ауруына тән жүйке жүйесінің жұмысының бұзылу белгілеріне ауысады (көз еттерінің жансыздануы, қарашығының үлкейуі, заттарды екеуден көру – диплопия, жарыққа реакцияның болмауы, таңдай еттерінің, тамақтың, кеңірдектің жансыздануы, сөйлеудің  афонияға дейін бұзылуы, жұту, шайнау актілерінің бұзылуы  және т.б.).

            Ботулизмнің алдын алу мақсатында тұрғындардың назарын келесі мәселелерге аударғымыз келеді:

  • көшеден үй жағдайында дайындалған консервіленген, қақталған тағамдарды сатып алмаңыздар;
  • консервіленген тағамдарды жеудің алдында оның сақталу мерзімінің ұзақтылығына, сатылу мерзіміне және қақпақтың көтерілу қаупі («бомбаждың»)  бар-жоғына назар аударыңыздар;
  • көкөністерді, жемістерді және саңырауқұлақтарды консервілеу кезінде оларды  мұқият жуып, термикалық өңдеуден өткізу және зарарсыздандыру тәртібін міндетті түрде сақтау қажет;
  • тағамнан улану қаупі барына күдіктенген кезде міндетті түрде тез арада тиісті ем алу үшін дәрігерге қаралу керек, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған