Ботулизм ауруын тудыратын тағам өнімдері

40 қаралу саны

Күннің салқындауына орай халық арасында қысқы дайындыққа көкөніс, жеміс-жидектерден консервілер әзірлеуде. Ботулизм ауруын тудыратын тағам өнімдері – бұл үй жағдайында дайындалған консерві өнімдері:  қияр, қызанақ, саңырауқұлақ, баклажан салаттары және басқа салаттар. 

Шымкент қаласында 2020 жылдың өткен кезеңінде «Ботулизм» ауруымен 3 жағдай тіркеліп, 7 адам зардап шеккен. Барлық тіркелген ботулизм ауруы үй жағдайында консервіленген қияр мен көкөніс, жеміс-жидектен дайындалған салатты қолдануынан болған.

Ботулизм (Botulismus) «Clostridium  botuilinum» таяқшасы адам ағзасында ең күшті у шығарып улануды туындататын, тек адам ауыратын, адамнан адамға жұқпайтын ауыр өтетін тосикозды ауру.

Ботулизм қоздырғышы (нейротоксин) сыртқы ортаның физикалық және химиялық факторларына аса төзімді.

Ботулизм қоздырғышы топырақта, малдың көңінде, жем-шөпте және т.б. жерлерде кездеседі. Әсіресе олар кептірілген, сонымен қатар консервация жасалған тағам өнімдері клостридиямен және топырақпен зарарланғанда спора түзу қабілетімен байланысты болады. Негізгі жұқтыру механизімі-фекальды-оралды, сирек жағдайда – жарақаттану ботулизмі және аспирациялық ботлуизм кездеседі. Резервуары және инфекция қоздырғышының көзі – әртүрлі шөпқоректі үй және жабайы жануарлар,  құстар,  кейде суыққандылар  (балықтар, моллюскалар, шаяндар).

Олардың организімінде CL.botulinum бірге оларға ешқандай зиян келтірмей өмір сүреді және оның нәжістерімен сыртқы ортаға бөлінеді де, сыртқы ортаны (суды, шөпті, бақшадаға өнімдерді) ластайды.

Ботулизм қоздырғышы адам ағзасына түскен соң әлсіздік, бастың  айналуы, ауыздың құрғауы, температура бірқалыпты күйінде қалуы мүмкін немесе 36,90С-37,20С болады. Кейде лоқсу, құсу, үлкен дәретке жиі шығуға немесе іштің қатуы байқалады.

Бірнеше сағаттан соң, кейде 1-2 күннен кейін ботулизм уы көзге әсер етеді, заттар қосарланып көрінеді, оқуға мүмкіндік болмайды, көздің қарашығы үлкейіп кетеді, көз қабағы түседі,  жұтыну қиындайды, жүргенде теңселу пайда болады. Беттің әжімдері кетіп, маска кигендей  кейіпке түседі.  Тыныс  алу  бұзылып,  кейде тіпті адам тұншығып қайтыс болуы да кездеседі.

Аурушаңдықтың емі науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу және арнайы ботулизмге қарсы сары суды құю болып табылады. 

  Ботулизмнің алдын алу үшін келесі талаптарға көңіл бөлу керек:

  • Өнімдерді консервілеудің режимін сақтау, уксус немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану.
  • Үйде әзірленген консервілерді, окорокты т.б пайдалану алдында 15-20 минуттай қайнату.
  • Қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татуға болмайды.
  • Үй жағдайында консервіленген салаттар, саңырауқұлақ, қияр, қақталған балық, окорокты т.б базардағы және көшелердегі сатып жүрген белгісіз адамдардың қолынан сатып алуға болмайды.
  • Аурудың белгісі пайда болған жағдайда өнім қалдықтарын тастамай зертханалық бақылау үшін сақтау қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған