Ботқаны жиі жеңіз

176 қаралу саны

Әр түрлі ботқаны жиірек жеген жөн. Олардың пайдасына дәрігерлер де, диетологтар да ешқашан күмән келтірген емес. Ал ғалымдар болса ботқа тіпті адамның өмірін ұзартады деген пікірде. Алайда, өкінішке қарай, қазіргі заманның адамдары – тек ересектер ғана емес, балалар да осы пайдалы тағамға аз көңіл бөледі.

Роквилдегі (АҚШ) Обыр институтының мамандары 400000 адамды зерттеді. 20 жылға созылған осы ауқымды зерттеудің нәтижесінде әр түрлі жармалардан дайындалған ботқаларды тұрақты түрде жейтін адамдарда онкологиялық сырқаттардың сирек болатындығы дәлелденді.

Ғалымдар сондай-ақ тәулігіне кемінде 25 г. жарма жегендер арасында өлімге соқтыратын обыр сырқаттарының қаупі 20 пайызға төмендегендігіне көз жеткізді.

Диетологтардың пікірінше, адам тәніне ең пайдалысы – күріш және сұлы жармасы. Ал зерттеушілердің пікірі бойынша бүгінгі күні ең дұрысы – қарақұмық жармасы.    

Ботқалар спортпен шұғылданатын адамдар үшін де пайдалы, олар протеин мен гликогеннің орнын толтырады.

Дереккөз: «Денсаулық» журналы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған