Бірыңғай жиынтық төлем проблемалары туралы сұраққа жауап

71 қаралу саны

Сұрақ:

Мен БЖТ төлемдерін 2020 жылдың қаңтарынан бастап төлеп келемін. Алайда, мәртебені тексеру барысында 2020 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларына төлемдер жоқ екені анықталды. Дегенмен, зейнетақы мен әлеуметтік аударымдар бар. Мұндай жағдайда не істеу керек? Қайда бару керек?⠀

Жауап:

Егер, Қордың ақпараттық жүйесінде, «қаңтар», «ақпан» және «наурыз» айларына БЖТ төлеміңіз расталмаса, онда мәртебеңіз «сақтандырылмаған». Ережеге сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер түріндегі бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, төлеушінің банктер немесе ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» банктік шотына қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз бірыңғай төлем жасау арқылы жүзеге асырылады.⠀

Осылайша, бұл мәселе бойынша Мемлекеттік корпорацияға хабарласуға кеңес береміз: 8 7172 (55-21-00), ішкі номер 10370.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған