Бірінші тоқсанда медициналық оңалтудан қазақстандықтардың 35 пайыздан астамы өтті

127 қаралу саны

МӘМС жүйесіндегі медициналық оңалту және қалпына келтіру емінің көлемі 1 тоқсанда 6,2 млрд теңгеге дейін өсті.

2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту көлемі өсті: егер өткен жылдың бірінші тоқсанында медициналық көмектің бұл түрін 23,3 мың адам алса, биылғы жылы 31,5 мың адам алды.

Ең бастысы неврология 36% (инсульт), жалпы бейіндегі 28% және травматология және кардиология  тиісінше 10 пайыз науқастанған қазақстандықтар оңалтудан және қалпына келтіру емінен өтті. Сондай-ақ емделушілер ортопедия, нейрохирургия және т. б. бағыттар бойынша ем алды.

Бұл ретте төтенше жағдай режимі медициналық көмектің осы түрін тұтыну көлеміне әсер етті. Сәуір айында медреабилитация көлемі екі есе төмендеп, 5,2 мың адам болды, ал бірінші тоқсан бойынша орташа көрсеткіш – 10 мыңнан астам адам. Дереккөз: «ӘМСҚ» КЕАҚ баспасөз қызметі

Ары қарай оқу:



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған