Биологиялық белсенді қоспа туралы аңыз бен ақиқат

60 қаралу саны

Миф. Биологиялық белсенді қоспа – дәрімен тең

Бұл қате түсінік!

Себебін бірге анықтайық.

Кейде денсаулықты тезірек қалпына келтіру, ауруды жеңілдету, негізгі дәрі-дәрмектің әсерін күшейту немесе иммунитетті көтеру үшін биологиялық қоспаларға жүгінеміз, тіпті дәрі-дәрмекті толық қоспамен алмастырамыз.

Биологиялық белсенді қоспа – бұл тамақпен бірге қабылдауға немесе тамақ құрамына қосуға ғана арналған.

Биологиялық қоспаларды дәрі ретінде немесе дәрі-дәрмектің орнына қабылдауға болмайды.

Есіңізде болсын, биологиялық қоспалар дәрі емес, сондықтан препараттар сияқты қатаң бақылаудан өтпейді.

Дәрі-дәрмекпен бірге биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауға бола ма?

Биологиялық қоспалар дәрі-дәрмектің әсерін арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Ал бұл емнің тиімділігі мен қауіпсіздігіне әсер етеді.

Егер дәрігер сізге қандай да бір дәрі тағайындаса, міндетті түрде өзіңіз қабылдап жүрген биологиялық қоспа, витаминдер туралы хабардар етіңіз, олардың өзара әрекеттесуін нақтылап алыңыз.

Денсаулығыңызға мұқият болыңыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған