Баланың күнделікті режимін ұйымдастыра аласыз ба?

92 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшысы Әсем Күмісбаева жазғы демалыстан кейін баланың үйреншікті күн режиміне қалай қайта көшуі керек екені туралы әңгімелейді:

  • Мектеп жасындағы баланың шамамен 8 сағат ұйықтағаны дұрыс. Өте аз ұйықтағанған да, өте көп ұйықтаған да зиянды екенін есіңізде сақтаңыз.
  • Психикаға кез келген салмақтың түсуі денсаулыққа әсер етеді. Бұл балалар үшін өте маңызды. Балаңызды не нәрсе толғандыратынын сұрап, оның проблемаларының себебін байыппен анықтауға тырысыңыз.
  • Таза ауада жиі серуендеңіз, өйткені серуендеу бала үшін өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Үйде, мектепте және сабақтан тыс үйірмелерде көп болу баланың таза ауада болуына мүмкіндік бермейді. Ұйықтардың алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз.
  • Мектеп жасындағы бала күніне 2-2,5 литр таза су ішу қажет. Судың таза, газдалмаған болуы тиіс және оған қант қосылмағаны дұрыс. Таңертең, таңғы ас ішердің алдында және кешке ұйықтардың алдында бір стақан су ішкен өте маңызды.
  • Дұрыс тамақтану. Балаңыңызға жаңадан піскен жеміс пен көкөністі көп беріңіз, ет өнімдерін қуырғаннан гөрі, буда пісіріңіз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған