Бала төсегіне мән берген жөн

18 қаралу саны

Дүниеге келген күнінен бастап сәбидің жататын жеке бөлмесі немесе төсегі болуы қажет. Жас нәресте ешуақытта ата-анасымен бірге жатпауы тиіс. Оны жеке кереуетке немесе екі айға дейін кәрзеңкеде ұстауға болады.

Кереуетке тығыздау матрас салу шарт. Жұмсақ төсекте жатуға болмайды, өйткені бала қатты терлеуі немесе омыртқа жоталары дұрыс өспеуі мүмкін.

Сәбидің басына жастық салуға болмайды, желке тұсына бірнеше рет бүктелген (диаметрі 7-8 см, қалыңдығы 1,5-2 см) жұмсақ жаялықтан жасалған төсеніш салынады. Бұл бала басының дұрыс (физиологиялық) жатуына, көкірек қуысының қалыпты тыныс алуына еркіндік береді әрі құсудан сақтайды. Басын оң және сол жағына еркін бұрып жатқызуға болады.

Бала кереуетін, төсектерін күнделікті сүртіп, төсектерін жаңартып тұру қажет. Бала  жатқанда кереуетін жауып қоюға болмайды, өйткені оған ауа аз барады, баланың тыныс алуы нашарлайды. Тек жазда ғана бала таза ауада демалғанда жеңілдеу торша материалмен немесе дәкемен жауып қоюға болады (бұл баланы жәндіктерден қорғау үшін қажет).

Дереккөз: «Денсаулық» журналы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған