Бала мен ата-ананы қашықтан оқытуға қалай бейімдеуге болады?

20 қаралу саны

Педагог-психолог, ЮНИСЕФ және ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының жаттықтырушысы Жұлдыз Махатаева ата-аналарға баласын мектепке бейімдеуге көмектесетін бірнеше маңызды ұсыныстар береді:

Қашықтан оқыту жаттығу, бос әурешілік пен зерігуден құтылудың құралы емес екендігін түсіну керек. Тиісінше, күндізгі режимде оқу үшін арнайы уақыт бөлу қажет. Бұл әдеттегі мектеп уақыты болса жақсы, яғни күннің бірінші жартысы болғаны шарт. Бұл жағдайда визуализация техникасын қолданып көруді ұсынамын. Оны кез келген қарапайым адам қолдана алады. Өзіңді мектепке барып білім алып жатырмын деп елестетіңіз. Сіз мектепке бардыңыз, тек бұл жағдайда мектеп үйіңізде, бөлмеңізде, жұмыс үстеліңізде болады. Яғни елестутеу арқылы мектептегі атмосфераны қалыптастыру.

Стресс – ең алдымен, дененің физикалық реакциясы, сондықтан физикалық күш-жігерді қажет ететін кез келген әрекет балаға онымен тиімді күресуге әсер етеді. Мәселен, үйді тазалау, жаттығу, ән айту, би билеу. Дегенмен баланы өзіне қызықты емес нәрсеге жұмсамауға тырысыңыз. Ол немен айналысқысы келетінін анықтаңыз, сөйлесіңіз. Оған қоса баланың шығармашылық қол еңбегін қолдау керек және әрдайым ынталандырып отыру қажет. Бала сурет салып, қандайда бір қолөнер бұйымдарын жасаса, одан бала ләззат алуы мүмкін немесе оны стресстен тыныштандырудың жолы. Сондықтан баланың айналысып жатқан ісіне құрметпен қараңыз.

Спикер ата-аналардың психологиялық көмекке ғаламтор арқылы да жүгіне алатынын жеткізді. «Бізде covid-19.mentalcenter.kz/ru сайты бар, онда мамандар қажетті көмек көрсетеді» деді спикер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған