Бүйрек синдромымен өтетін геморрагиялық қызба

66 қаралу саны

Бүйрек синдромымен өтетін геморрагиялық қызба (БСГҚ) – ағзаның әлсіреуімен, геморрагиялық синдроммен және және бүйректің зақымдалуымен сипатталатын табиғи ошақтық ауру. Табиғатта БСГҚ ауруының көзі және вирустың резервуары тышқан тәріздес кеміргіштер (жирен тышқан, дала тышқаны, сұр және қара егеуқұйрықтар мен түрлі сұр тышқандар) болып табылады.

Батыс Қазақстан облысында БСГҚ табиғи ошақтары Ресей Федерациясының Орынбор, Самара, Саратов облыстарымен шекаралас Бөрлі, Теректі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарында орналасқан.

Батыс Қазақстан облысында БСГҚ ауруы 2000 жылдан бері тіркеле бастады. Соңғы жылдары БСГҚ жағдайының бірнеше азайғаны байқалады (2018 ж. – 6 жағ., 2019 ж. – 2 жағ.), ал ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыс аймағында бүйрек синдромды геморрагиялық қызба ауруы мүлдем тіркелген жоқ.

Жыл сайын облыс бойынша БСГҚ алдын алу шаралары, яғни тышқан тектес кеміргіштерге қарсы дератизация жүргізіледі. 1 қазаннан бастап Батыс Қазақстан облысының дезинфекциялық қызмет мамандарымен БСГҚ бойынша қолайсыз елді мекендерде дератизация жүргізу жоспарлануда.

Ауру кеміргіштерден адамдарға ауа-шаң арқылы (шөп, бидай, ағаш дайындау, аңшылық, балық аулау, жеміс-жидек немесе саңырауқұлақ теру кезінде кеміргіштердің ауаға тараған бөлінділерін шаң арқылы жұту); тағам немесе алиментарлық жолмен (тамақтану кезінде лас қолдарымен  кеміргіштердің бөлінділерімен зақымдалған тағамдарды қолдану), қарым-қатынас (ауру жануарлармен тікелей байланыста болған кезде, тістелу, кеміргіштерді бөлшектеу, ашық жарақаттарға бөлінділердің түсуі) арқылы жұғады.

Ең басты симптомдары – аурудың жедел басталуы, дене қызуының 39-400С дейін көтерілуі, қалтырау, бас ауру, бет пен терінің кілегей қабықтарының  қызаруы. 3-4 күннен соң дене қызуы төмендеп, бел, іш аймағында ауырсыну, денеде бөртпе пайда болады, бүйректің зақымдалу (зәр мөлшерінің азаюы) белгілері байқалады.

Бір ескеретіні, бұл ауруға қарсы профилактикалық екпе жоқ. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған