Бүгінгі таңда ҚР Дәрілік заттар мемлекеттік тізілімінде 7457 дәрі тіркелген

84 қаралу саны

Ұлттық дәрілік заттарды сараптама орталығы (ҰДЗСО) қазақстандық дәріханалар сөресіне түсуге дейін дәрі-дәрмектердің кешенді сараптамасын жүргізеді, қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын бағалайды.

Сараптау үдерісі күрделі және көп сатылы сипатта болады. Біздің сарапшыларымыз құжаттарды мұқият талдаудан өткізіп қана қоймай, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің деректерін зерттейді, сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Орталық тіркеуден кейінгі кезеңде – яғни, дәрілік препараттарды тұрғын халыққа өткізу кезінде дәрілер қауіпсіздігіне мониторинг өткізеді.

Оның барысында ҰДЗСО осы немесе өзге препаратты қабылдағанда туындауы мүмкін жағымсыз реакцияларды тіркейді, медициналық мекемелермен де, қоғам өкілдерімен де кеңес беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.⠀

ҰДЗСО ұйымында жоғары білікті дәрігерлер, фармацевтер, химиктер, микробиологтар, өндіріс жөніндегі инженерлер мен технологтар сараптама жүргізеді, олар нарыққа сапасыз және фальсификацияланған өнімді жібермеу мақсатында сынақтардың тұтас ауқымын өткізеді. Олардың арасында негізгі фармацевтикалық практикалар бойынша халықаралық оқудан өткен академиктер мен ғылым докторлары бар.

Дереккөз: ҰДЗСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған