Бүгін – Халықаралық дәрігерлер күні

67 қаралу саны

Жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісі күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық дәрігерлер күнін атап өтеді. Биыл бұл күн 5 қазанға түсті.

Халықаралық дәрігерлер күні – бұл бүкіл әлемдегі медицина қызметкерлері арасындағы ынтымақтастық пен белсенділік күні. Биылғы жыл ерекше маңызға ие, өйткені қазіргі таңда медицина қызметкерлері коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұр.

Өз тағдырын денсаулық қорғауға арнаған әрбір жанның қосқан үлесі өте зор! Біз медицина қызметкерлерін осы маңызды күнмен шын жүректен құттықтаймыз және адал еңбектері үшін шексіз алғыс айтамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған