Азаматтардың қандай санаттарына мемлекеттен тұрғын үй берілуі мүмкін?

62 қаралу саны
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушылары;
  • жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға жататын ҚР азаматтары; (Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасар алдындағы соңғы 12 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуы тиіс);
  • халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары;
  • мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер және мемлекеттік сайлау лауазымындағылар;
  • ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған