Азаматтарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуден ӘМСҚ бас тартпау керек

Фото для иллюстррации: Depositphotos
69 қаралу саны

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға көрсетіледі, ТМККК пакеті бойынша медииналық қызметтерді ұсынудан бас тартылмауы тиіс.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қазақстандықтар қандай тегін медициналық көмекке сене алатынын түсіндірді.
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақтандырылған мәртебесінің болуына қарамастан, барлығына ұсынылады. Медициналық сақтандыру қорына медициналық сақтандыруларының болмауына байланысты оларға медициналық көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы пациенттердің шағымдары жиілеп кетті. Бұл ретте ТМККК-ге кіретін медициналық көмек оған мұқтаж кез келген пациентке тегін және кедергісіз көрсетілуі тиіс екенін атап өткен жөн», – деп ӘМСҚ баспасөз қызметінде нақтыланды.
Мемлекет бұрынғыдай халықты базалық медициналық қызметтердің қажетті пакетімен қамтамасыз етеді:

  • Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
  • Емханаларда қызмет көрсету (терапевтпен, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар тар мамандардан қабылдау және консультация беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
  • Диагностика және емдеу: әлеуметтік маңызы бар ауруларда (туберкулез, АИТВ, психикалық бұзылулар, қатерлі ісіктер);
    негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериялық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т.б.);
    айналадағылар үшін қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
    Сондай-ақ, белгілі бір аурулар мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары тегін негізде дәрі-дәрмек ала алады.

МӘМС пакетіндегі қызметтерге келетін болсақ, «ҚР Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексіне» сәйкес сақтандырылған азаматтарға медициналық көмектің келесі түрлері ұсынылады:

  • амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
    профилактикалық медициналық тексерулер;
  • учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тар бейінді дәрігерлердің қабылдауы және кеңес беруі;
  • созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың динамикалық бақылауы;
  • жоспарлы түрде жүкті әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға, сондай – ақ шұғыл түрде-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС қатысушыларына, мүгедектерге, көп балалы аналарға, АӘК алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек), зейнеткерлерге, инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға стоматологиялық көмек көрсету;
  • диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика, УДЗ, рентген, КТ, МРТ;
  • мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек (үйдегі стационар, күндізгі стационар, тәуліктік стационар);
  • медициналық оңалту.

Сонымен қатар, ӘМСҚ-да 15 әлеуметтік осал санаттағы 11 млн қазақстандық үшін мемлекет жарна төлейтінін еске салды. Осылайша, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмек алады.
«МӘМС пакетіндегі барлық қызметтер сақтандырылған пациентке учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша және тегін негізде көрсетіледі. Егер пациентке тіркелген емханасы оның болмауына байланысты қандай да бір қызмет көрсете алмаса, онда ол пациентті медициналық көмектің осы түріне бірлесіп орындау шарты жасалған медициналық ұйымға жіберуі тиіс», – деп Қорда түсіндірілді.

Ақылы негізде медициналық қызмет көрсетуден немесе жолдама беруден бас тартылған жағдайда азаматтарға Qoldau мобильді қосымшасы арқылы тәулік бойы өтініш қалдыру ұсынылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғаушы ретінде шағымды қарап, қажетті шараларды қабылдайды.

Дереккөз: ӘМСҚ сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған