Ауылдарда медициналық қызметтердің қолжетімділігіне ерекше назар аударылады

86 қаралу саны

Денсаулық сақтау министрлігі мен әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры ауылдарда медициналық қызметтердің қолжетімділігіне ерекше назар аударуда. Осылайша, 2025 жылға қарай 10 мың ауыл тұрғынына медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету деңгейін 82 500-ден 92 900-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар:

  • Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздардың қызметі көрсетіледі.
  • Алғашқы медициналық көмекті уақтылы көрсету, сондай-ақ науқастарды мамандандырылған көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға жеткізу бойынша облыстық жедел жәрдем станциясының желісі кеңейтіледі.
  • Ауыл тұрғындарына дәрігерге дейінгі, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік, стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек, шұғыл медициналық көмек ұсынылатын болады.
  • Емхана мен аурухана арасындағы байланыс дәрігерлер арасында ақпарат алмасу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл ауруханаға жатқызуға жолдаудың күшін арттырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған