Аурухана жүктілікті жүргізуден және талдамаға жолдама беруден бас тартса, не істеу керек?

58 қаралу саны

Сұрақ:

Мен жүкті әйелмін. МӘМС бойынша жарналардың жоқтығын айтып, тұрғылықты жердегі аурухана, жүктілікті жүргізуден және талдамаға жолдама беруден бас тартты. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Жауап:

Жүктілікті жүргізу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылады, яғни бұл қызметті сақтандыру мәртебесіне қарамастан ұсыну керек.

Егер сақтандырылмаған жүкті әйел емханаға жүгінсе, жүктілік туралы анықтама беріліп, уақытша сақтандыру мәртебесін тағайындау туралы өтініш жасалады.

Растайтын құжат (жүктілік туралы анықтама) пен өтініш әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі.

Уақытша сақтандыру мәртебесін тағайындау туралы хабарлама келгеннен кейін, науқас қажетті тексерулер мен кеңестер алуға жіберіледі.

Уақытша мәртебе бір айға беріледі. Осы уақыт ішінде ол жаңартылып, жүкті әйел «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» санатына қосылады. Бұл санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарнасын мемлекет төлейді.⠀

Егер пациенттің бұрын расталған табысы болып, төлемдерді өткізіп алған болса, қарызды төлеу керек.

Егер медициналық ұйым жүкті науқасқа қызмет көрсетуден бас тартса, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласу керек.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған