Ауа баптағышты дұрыс пайдаланып жүрсіз бе?

64 қаралу саны

Ауа баптағыштың үй-жайда жайлы температураны сақтап, салқындатудағы пайдасы зор. Алайда, тұрмыстық құрылғыны дұрыс пайдаланбау денсаулыққа зиян екендігін ұмытпаңыз. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары оны қауіпсіз пайдаланудың кеңестерін ұсынады:

  • Организмге салқын тигізуге жол бермеңіз.

Температураның күрт өзгеруі (қатты ысу, қатты салқындау) көңіл-күйіге кері әсер етуі мүмкін Бұл әсіресе жүрек ауруы және гипертониясы барларға және қарт адамдарға қауіпті. Температураның ұсынылатын айырмашылығы бес-алты градустан аспауы тиіс.

  • Ауа баптағышты түні бойы қосып ұйықтауға болмайды.

Жабық бөлмеге таза ауа өтпеген жағдайда адам оттекті тез өңдеп, ұзақ гипоксияға ұшырайды. Бұл жүйке жүйесіне, бас пен миға әсер етеді. Оған әсіресе, балалар сезімтал келеді. Бас ауырып, ұйқы қанбайды.

  • Жалаңаяқ жүрмеңіз, жылырақ киініңіз.

Ауа баптағыш жұмыс істеп тұрған үй-жайда душ қабылдағаннан кейін киініп алыңыз. Тіпті, кәдімгі футболканың өзі салқын тиюден құтқарады. Салқындатқыштың астында арқаны жалаңаштап және суланған баспен жүрмеңіз. Бұл арқа мен мойын бұлшық еттерінің қабынуына, гайморитке, отитке және синуситке әкелуі мүмкін.

  • Ауа баптағыштың астында отырмаңыз.

Салқын ауа ағыны адамға қарай бағытталмауы тиіс. Кішкентай балалар көбіне еденде ойнайды, ал ауа баптағыштағы салқын ауа алдымен төмен түседі. Ауа баптағыштың реттегіш датчигі әдетте төбенің астында болады және төменгі жақтағы емес, жоғарыдағы температураны өлшейтіндігін ескеріңіз. Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған