Ата-аналарды балаларын қоғамдық көлікте жалғыз жібергенде ұқыптылық танытуға шақырды

226 қаралу саны

Жыл сайын Қазақстанда шамамен 420 бала жоғалады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. City Transportation Systems компаниясы (бұрынғы «Астана LRT») баланы автобуспен жалғыз жіберу керек болса, қалай әрекет ету керектігі бойынша нұсқаулық берді. «Балаға сапар бағдарын және нақты баратын жерін алдын ала түсіндіру керек. Туысының телефон нөмірін жаттап алғаны жөн, егер телефон қуаты таусылып қалса қажет болады. Көмек керек болған жағдайда, жүргізушіге немесе көліктік бақылау департаментінің қызметкерлеріне жүгіну керек екендігін түсінідіріп беріңіз. Олар міндетті түрде көмектеседі» делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Көлік компаниясының мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда 420 шақты бала жоғалады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған