Антибиотиктер: Екінші аңыз бен ақиқат

68 қаралу саны

Миф: Суық тисе болды, дереу бір күнде әсер ететін антибиотик қабылдау қажет.

Шешім: «дұрыс емес!».

Неге? Түсіндіруге тырысайық.

Антибиотикті тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау керек, онда да негіз болған жағдайда. Мәселен, суық тисе, ЖРВИ немесе тұмауға шалдыққан науқасқа антибиотиктің қажеті жоқ. Антибиотикті оңды-солды қолдану салдарынан ағзадағы ауру тудыратын микроорганизмдер препаратқа үйреніп алуы мүмкін, яғни адамға дәрі әсер етпей қалады. Ал антибиотикке төзімді бактериялардың тез дамуы емделуі қиын инфекциялар санының өсуіне әсер етеді.

Адамдар аздап ауырса болды жұмыстан, оқуынан қалмас үшін түрлі дәрі-дәрмек, тіпті антибиотик іше бастайды. Кейде ата-аналар сәл суық тиген балаға да антибиотик береді, сондағы ойы бүлдіршінді балабақшадан қалдырмау. Сонымен қатар, үлкендер 2-3 күн антибиотик қабылдаса жеткілікті деп санайды.

Антибиотик терапиясының қатаң көрсеткіштері бар екенін білу өте маңызды. Антибиотиктерді кем дегенде 5 күн қабылдау керек, тіпті ауру жеңіліп, науқас өзін жақсы сезінсе де жалғастырылады.

Дәрігер антибиотик тағайындағанда, препараттың нақты дозасын да белгілеп береді. Дозаны қабылдау кезіндегі уақыт аралығы сақталмаса, емнің нәтижесі болмайды және ағзада антибиотикке тұрақты патогендік флора қалыптасуы мүмкін.

Есте сақтаңыз, бактерияға жеңіл-желпі қарамаңыз, оның жанама әсерінің салдары ауыр болуы мүмкін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған