Анардың 9 түрлі емдік қасиеті

31 қаралу саны

1. Гемоглобинді жоғарылатады.

Анар жемісі қаназдық ауруымен күресуге көмектеседі. Осы дерт кезінде анар шырынын 2 ай көлемінде күніне 30 минуттан 3 стақан ішу абзал.

2. Қан қысымын төмендетеді.

Анар дәндері қан қысымы дертіне шалдыққан науқастардың артериальді қысымдарын түсіруге көмектеседі. Кептірілген жеміс жарғағын шайға қосып ішсе, жүйке жүйесін қалпына келтіріп, түнгі ұйқыны жақсартады.

3. Гормон белсенділігін арттырады.

Анар жемісі дәнінің құрамында май бар. Ол ағзадағы гормондық балансты қалпына келтіреді. Сол себепті жеміс дәндерін жеген пайдалы.

4. Ауыз қуысын тазалайды.

Жеміс қабығынан жасалған су тұнбасын немесе шырынын ангина және фарингит ауруларын емдеу кезінде тамақты шаюға пайдаланады.

5. Инсулинді алмастырады.

Анар жемісі қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Тамақ ішпес бұрын 60 тамшы жеміс шырынын күніне 4 рет қолданса, қан құрамындағы қант деңгейі төмендейді.

6. Радиацияны шығарады.

Анар шырыны радиоактивті изотопты заттармен жұмыс жасайтын немесе радиациясы жоғары аймақта тұратын адамдарға ішкен жөн.

7. Ағзадағы құрттардың көзін жояды. Піскен анар қабығы құрамында құрттарға қарсы пельтьерин, изопельтьерин және метилизопельтьерин сынды алкалоидтар бар. Ағзадағы құрттардың көзін жою үшін 40-50 г анар қабығын 400 г суық суға салып қайнату арқылы ағзаға іштей қабылдау керек.

8. Іш өтуді тоқтатады.

Анар жемісі мен қабығын іш өтуге, тоқ ішектің қабынуына қарсы қолданады.

9. Ағзадағы қабынуды емдейді.

Жеміс қабығы адам ағзасындағы бүйрек, бауыр, көз, құлақ, буын қабынуларына қарсы емдік мақсатта пайдаланылады. Ол үшін 2 асқасық анар қабығын 1 стақан ыстық суға салып, 30 минут қайнатып, дайын болған тұнбаны күніне 50 граммнан 2-3 реттен ішкен дұрыс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған