Алматыда коронавирусты диагностикалау үшін жасанды интеллект қолданылады

158 қаралу саны

Алматыда коронавирус инфекциясын радиологиялық кескіндер арқылы диагностикалау үшін жасанды интеллект қолданылады.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев пен «iMedHub» жобасының жетекшісі Рената Ахмад мәлімдеді.

2020 жылдың сәуірінде Алматыда Forus Data компаниясы медициналық кескіндерді өңдеуге арналған құны шамамен 30 млн теңге болатын PACS серверін жасады. Ол Алматы қаласының Дата орталығында орналасқан. PACS жүйесі (суретті мұрағаттау және байланыс жүйесі) компьютерлік желілерді, серверлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және цифрлық радиологиялық кескіндерді мұрағатқа сақтауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллектіні қолдану арқылы өкпе ауруын диагностикалау үшін PACS серверіне қосу жұмысы Алматыдағы бірқатар ауруханаларда жүзеге асырылды:

  • И. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы;
  • Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты;
  • Алматы қаласы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы;
  • Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы;
  • Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы;

PACS және қызметтерді қосу жұмысы келесі мекемелерде жүргізілуде:

  • Алматы қалалық Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы;
  • Алматы қалалық онкология орталығы;
  • № 12 қалалық клиникалық аурухана.

PACS  қосылған барлық ауруханаға цифрлық медициналық кескіндерге қол жеткізу мүмкіндігін береді. Науқасты бір медициналық ұйымнан екіншісіне жіберген кезде плёнка немесе қағаз кескіндерін қолданудың қажеті жоқ. Сонымен қатар ауру динамикасын бақылау мүмкіндігі беріледі. Дәрігерлер жасанды интеллектіні қосымша пікір ретінде қолданады. Бұл олардың жұмысын жеңілдетуге, аурудың нақты диагостикасын жасауға мүмкіндік береді.

Биыл маусымда Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасымен және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен бірге «Алғашқы симптомның болжамдарын диагностикалау және жасанды интеллектіні ақпараттық технологияға енгізу негізіндегі COVID-19-дың ауыр өту қаупінің предикторы қызметін дамыту туралы» келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйемен бірге пилоттық режимде осы жобаға Орталық қалалық клиникалық аурухана қосылды. Қан маркерлеріне арналған бұл қызмет түрі аурудың ауыр өту дәрежесін болжауға мүмкіндік береді. Сол арқылы ауруханалар терапия әдістерін, реанимацияға жатқызу қажеттілігін немесе керісінше босатуды жоспарлай алады.


Дереккөз: Алматы қалалық коммуникациялар қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған