Алексей Цой: Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек кезең-кезеңімен жанданады

56 қаралу саны

Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жандандыру жобасын әзірледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы медициналық, сонымен бірге жоғары технологиялы көмек көрсетуді кезең-кезеңімен іске қосу жобасын әзірледі. Жоспар бойынша, бұл қызмет халыққа аз бейінді профильде қызмет көрсету мен COVID-19 індетіне қарсы медициналық ұйымдардың дәрежесіне қарай екі кезеңмен қалпына келеді» деді Алексей Цой.

Министр стационарлардағы төсек-орын толымдылығы 50 пайыз екенін, дезинфекциялық өңдеуден кейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен профильді және жоспарлы төсек-орын саны 50 пайызға артатынын жеткізді.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын сапалы жүзеге асыру бойынша шаралар кешенін әзірлеуде» деді А. Цой.

Дереккөз: ҚР Үкіметінің отырысынан тікелей эфир

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған