8 ай ішінде МӘМС-ға 351,2 млрд теңге жарналар мен аударымдар түсті

33 қаралу саны
  • Медициналық сақтандыру жүйесіне 15 артықшылықты санат үшін жарна төлеп отырған негізгі салымшы мемлекет. Мемлекеттік жарналар 197,2 млрд теңгені құрады;
  • Жұмыс берушілердің аударымдары – 100,9 млрд.теңгені құрады;
  • Жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар жарналары 50,8 млрд теңгені құрады;
  • Дербес төлеушілер мен БЖТ жарналары – 2,3 млрд теңгені құрады.

Еске сала кетейік, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар Ұлттық Банктегі арнайы шотқа аударылып, қаражат Қордың жеткізушілері болып табылатын медициналық ұйымдарға МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуге жіберіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған