ӘМС Қоры: Үшінші мәселе – медицина мамандарына үстемеақы мен сыйақы беру жөніндегі комиссиялар қалай жұмыс істейді?

Фото дереккөзі: Bark.rk
219 қаралу саны

«Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, аталмыш қордың Қазақстандағы төтенше жағдай мен коронавирусқа карантин кезінде атқарып жатқан жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталып, індетпен күпестің алғы шебінде жүрген дәрігерлерге үстеме ақы мен сыйақы беру мәселелеріне тоқталды. Біз бүгін брифинг мәтінін қағазға түсіріп, қор басшысы айтқан үш мәселеге айрықша тоқталғанды жөн көрдік. Сонымен үшінші мәселе –  медицина мамандарына үстемеақы мен сыйақы беру жөніндегі комиссиялар қалай жұмыс істейді?

«Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов: Үстемеақының республикалық бюджет қаражаты есебінен алынатынын ең алдымен айтқым келеді. Қызметкерлерге сыйақы беру шешімін Денсаулық сақтау министрлігі мен жедел штаб жанынан құрылған өңірлік комиссиялар қабылдайды. Ал қор комиссия берген тізім бойынша қаражат бөледі.


Арзан және сапалы болса…


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz

Комиссия құрамына облыс басшылығы, денсаулық сақтау басқармасы және қор филиалының өкілдері кіреді. Шешім қабылдауда комиссия өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды, эпидемияға қарсы шаралар сипатын ескереді. Медициналық ұйым басшысы инфекция жұқтыру қаупін растайтын негіздемелер бойынша мамандардың лауазымы мен жұмыс істеген сағаты бар тізім ұсынады. Комиссия оларды қауіп-қатер топтарына бөледі.

Сонымен бірге, комиссия сыйақы беру үшін коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі бар тұлғалардың қосымша тізімін ұсына алады. Яғни, штаб жанындағы комиссия қауіп тобына кірмейтін мамандарға сыйақы тағайындай алады. Бірақ, бұл жағдайда қаражат медициналық ұйымнан, жергілікті бюджеттен немесе демеушілік көмектен алынады. Қор медициналық ұйымдардың уақытында төлем жасауы үшін аванс түрінде болжанған соманы жібереді. Кейін төленген үстемеақылар туралы ақпаратты коммисия қорға жіберіп отырады.

Комиссия қосымша ақыны қауіп тобына қарай бөліп береді. Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін комиссияның құрамына аймақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері, облыстың денсаулық сақтау басқармаларының, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, Nur Otan партиясының, кәсіподақтардың мүшелері енді. Комиссия төрағасы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының басшыларының орынбасарлары, ал комиссия төрағасының орынбасары қызметіне облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті денсаулық сақтау органының лауазымды адамдары тағайындалды.

P.S. Жергілікті атқарушы органдарда құрылған комиссияның толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Фото дереккөзі: Bark.rk

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған