29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні

62 қаралу саны

Бүкіл әлемде жыл сайын 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі. Бұл күн жаһандық денсаулық сақтау акциясы. Оның басты мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу жолдары туралы хабардар ету.

Бұл күн алғаш рет 1999 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен ұйымдастырылған. Бастапқыда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде өткізілген болатын.

Мақсаты – әлемдегі жүрек-қан тамырлары ауруларының індетінен туындаған қауіптілікті қоғамда ұғынуды арттыру.

Дәрігерлердің айтуынша, күніне 15 минуттық жылдам жүру орташа өмір сүру ұзақтығына 3 жыл қосып, жүрек-тамыр ауруларының қаупін 9% төмендетеді.

Жүрек адамның маңызды мүшесі, сондықтан оны күту біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы керек. Осылайша бұл күн жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу адамның ұзақ өмір сүруінің және жалпы денсаулығының кепілі екенін еске салуға арналған.

Сіздерді осы ерекше маңызды күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған