ӘМС Қоры: Екінші мәселе – дәрігерлерге үстемеақы беруге қанша қаражат бөлінді?

132 қаралу саны

«Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, аталмыш қордың Қазақстандағы төтенше жағдай мен коронавирусқа карантин кезінде атқарып жатқан жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталып, індетпен күпестің алғы шебінде жүрген дәрігерлерге үстеме ақы мен сыйақы беру мәселелеріне тоқталды. Біз бүгін брифинг мәтінін қағазға түсіріп, қор басшысы айтқан үш мәселеге айрықша тоқталғанды жөн көрдік. Сонымен, екінші мәселе –  дәрігерлерге үстемеақы беруге қанша қаражат бөлінді?

«Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов: Коронавирус бойынша қызметтерді өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бөлген қаражаттан денсаулық сақтау басқармалары наурыз айында 17 425 медициналық қызметкерге 3 млрд 371,2 млн теңге төледі. Бұл соманың барлығы дерлік төленді.


Арзан және сапалы болса…


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz

Медицина қызметкерлерінің көпшілігі, шамамен 9 мың маман үшінші топта үстемеақы алған. Оған 846 млн теңге жұмсалды.  Ең көп сома екінші санат бойынша төленді, 7 мыңнан астам маманға 1,8 млрд теңге жұмсалды. Ал қаупі жоғары топта жұмыс істеп жүрген 1,4 мың маманға 717 млн теңге төленді.

Сонымен бірге, бастапқы медициналық-санитарлық көмек-емхананың 2,5 мың қызметкері 185 млн теңге, 4 мыңға жуық жедел жәрдем бригадалары 1,2 млрд теңге көтермеақы алды.

Негізгі жүктеме Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына түсті. 3,371 млрд теңгенің 1,9 млрд теңгесі осы екі қаланың мамандарына төленді. Өзге өңірлерде де инфекция жұқтырған науқастар санының артуын ескере отырып, сәуір айында бөлінетін қаражат әрине, өзгереді. Біздің болжам бойынша үстемеақы алатын медицина мамандарының саны екі есе көбеюі мүмкін.

Фото дереккөзі: Afprz.kz

ӘМС Қоры:

Үшінші мәселе – медицина мамандарына үстемеақы мен сыйақы беру жөніндегі комиссиялар қалай жұмыс істейді?

Фото дереккөзі: Bark.rk

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған