1-7 тамыз – Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы

129 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәбиді дүниеге әкелгеннен кейінгі алғашқы алты айында тек ана сүтімен емізуге кеңес береді. Содан соң екі немесе одан үлкен жасқа дейін әрі қарай емізе келе, біртіндеп қосымша тамақтандыру қоспаларын беруді ұсынады.

Халықаралық ұйымның бастамасы бойынша 170 елде, соның ішінде Қазақстанда 1-7 тамыз аралығында Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы өтеді. Аталған шараның мақсаты – сау бала үшін ана сүтінің пайдасы туралы әйелдерге ақпарат беру. Өйткені, дәрігерлердің айтуынша, ана сүтінде баланың толық дамуына қажетті барлық пайдалы заттар: майлар, нәруыздар, көмірсулар, су, дәрумендер және минералдар бар.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған