Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС жарнасын қалай төлейді?

83 қаралу саны

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ жылына 1 175 АЕК (3,2 млн. теңгеге дейін) табысы бар барлық тұлғалар үшін арнайы жеңілдетілген салық режимі ұсынылған. Ол бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) деп аталады. Ол бірден үш қорды қамтиды: зейнетақы жинақтары, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру. Сонымен қатар БЖТ оларды салық декларациясын ұсынбастан салық төлеуші етеді.

Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін – 1 АЕК немесе 2 651 теңге. Басқа елді мекендерде тұратындар үшін – 0,5 АЕК немесе 1326 теңге.

Салық кодексінің 775-бабына сәйкес төлемнің бұл түрін есептеу және төлеу тәртібі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы АЕК мөлшеріне байланысты белгіленеді.

Маңызды: Төлем ағымдағы есепті ай үшін жасалуы керек. Алдыңғы салық кезеңі үшін төлем жасай алмайсыз. Егер қандай-да бір себептермен төлем уақтылы төленбеген болса, сіз қарызды тәуелсіз төлеуші ретінде 1 ең төменгі жалақының 5% немесе 2 125 теңге төлей аласыз.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған