Әрбір тұтынушы сатушыдан өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы құжаттарды талап етуге құқылы

69 қаралу саны

Құс тұмауы өршіп тұрған аудандарда адамдардың жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді

Брифинг Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі эпизоотиялық жағдайды талқылауға арналды. Құс тұмауы адамнан адамға және құстардан адамға, сондай-ақ ет немесе жұмыртқаны пайдалану арқылы вирус жұқтыру мүмкіндігі аз екенін атап өтті. Құс фабрикаларының барлық қызметкерлері қазіргі таңда медициналық бақылауда. Сонымен қатар, Т.Сұлтанғазиев бұл жағдай коронавирустық пандемиямен байланысты емес екенін атап өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев қазақстандықтарды қалыптасқан жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырды

Жеке аулалардың иелері, құс фабрикаларының қызметкерлері және құстармен байланыста болатын өзгеде адамдар, құстардың мінез – құлқын мұқият қадағалап, індет белгілері байқалса – уақытылы ветеринарға хабарласуы керек. Адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайында дереу учаскелік дәрігерге қаралуы керек.

«Қазақстан аумағында құс еті мен өніміне бақылау, оның ішінде олардың сауда орындарында өткізілуіне бақылау күшейтілді. Өңірлерде мұқият құжаттық бақылау, ветеринариялық анықтамаларды тексеру, сертификаттар мен сәйкестік туралы декларацияларды тексеру жүргізілуде. Бұдан басқа, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімдерді іріктеу жүргізілуде. Әрбір тұтынушы сатушыдан өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы құжаттарды талап етуге құқылы» деді Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған