Әрбір препараттың бірнеше атауы бар екенін біліп жүріңіз!

44 қаралу саны

Бүгін біз «Сұрақ-Жауап» айдарында мынадай тақырыпты тарқатамыз: «Дәрі-дәрмектің нұсқаулығында дәрінің бірнеше атауы жазылған. Бұл атауларды қалай түсінуге болады, олар нені білдіреді?»

Әрбір препараттың бірнеше атауы бар:

  • химиялық;
  • халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА);
  • сауда (коммерциялық).

Химиялық атау дәрілік заттың құрамы мен құрылымын көрсетеді. Ол дәріні дәл сипаттайды, бірақ әдетте химиялық атау күрделі болғандықтан кеңінен қолданылмайды.

ХПА – дәрілік препараттың әсер етуші затының атауы. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы комиссиясы тағайындайды. ХПА біз нақты қандай препаратты қолданамыз, оның қандай фармакологиялық топқа жататынын білу үшін қажет.

Сауда атауы – бұл дәрілік препараттың тіркелетін және нарықта осы атпен сатылатын атауы. Сауда атауы дәріні өндірушінің коммерциялық меншігі болып саналады.

Мұны көпке белгілі парацетамолдың мысалында алып қарастырайық.

Парацетамолдың химиялық атауы – N – (4-Гидроксифенил) ацетамид.

Халықаралық патенттелмеген атауы – Парацетамол

Парацетамолдың Панадол, Эффералган, Терафлу, Тайлол сияқты тағы басқа сауда атаулары бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған