ӘМС Қоры маусым айында коронавирус індетімен күрестің алғы шебіндегі 53 мың маманға үстеме ақы төлейді

Казахстанские бизнесмены до 1 октября освобождены от оплаты за ОСМС
51 қаралу саны

Қазақстанда COVID-19 қарсы күреске қатысқан 53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төленуде.

Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен Медициналық сақтандыру қорына 35,7 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 32 млрд-тан астам теңге төледі.

Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 19 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті. Енді ӘМСҚ маусым айына төлем жасайды.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған