ӘМС Қоры өткен төрт айда ПТР зерттеуге қанша қаржы бөлді?

209 қаралу саны

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз-маусым айлары аралығында коронавирус диагнозын анықтау үшін 300 000 ПТР зерттеулерін жүргізуге 3,1 млрд. теңге бөлді. Оның ішінде 199,8 мың сынақ ауруханаларға, ал 97,9 мың сынақ БМСК дәрігерлерінің бағыты бойынша берілді.⠀

ПТР тестілеуіне халықтың қол жетімділігін арттыру үшін Қор осы қызметтерді ұсынатын 502 жеткізушіні жұмысқа тартты.

Полимеразды тізбекті реакцияны сынақтан өткізу үшін COVID-19 күдікті науқастардан биологиялық материалдардың үлгілерін жинайтын, елімізде бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 2000-нан астам мобильді топ жұмыс істейді.⠀

Сарапшылардың пікірінше, бұл халыққа уақытылы қызмет көрсету мәселесін шешуге және олардың қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.⠀

Медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен халықтың қай топтары ПТР тестілеуді тегін өткізуге мүмкіндігі бар екенін еске салады.

Біріншіден, бұл жұқпалы аурулар ауруханаларында жатқан науқастар. Келесі санат – COVID-ге күдігі бар уақытша ауруханалардың пациенттері, сондай-ақ жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмония белгілері бар азаматтар.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған