ӘМСҚ туралы жиі қойылатын сұрақтар мен оның жауаптары

98 қаралу саны

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кімдер босатылған және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебе «сақтандырылмаған» болса, қайда жүгіну керек?

Мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды кімдерге төлейді?

Әлеуметтік осал санатқа жатқызылған азаматтардың 15 жеңілдік санаты үшін:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам;

5) жүктілікке және босануға, баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек баланы күткен жұмыс істемейтін адамдар;

7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыссыздар;

8) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

9) сот үкімімен жазасын өтеп жатқан адамдар;

10) тергеу изоляторларында ұсталған адамдар;

11) жұмыс істемейтін оралмандар;

12) көп балалы аналар;

13) мүгедектер;

14) студенттер;

15) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

Сіз егер азаматтардың әлеуметтік жағынан осал санатына жататын болсаңыз, құжаттарыңызды  тапсыру  керек пе?

Жоқ.  Әлеуметтік мәртебе басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен Қордың ақпараттық жүйесіне жіберіледі.  Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі автоматты түрде тағайындалады.

Егер сіз ресми жұмыссыз болсаңыз, бірақ жұмыс тапсаңыз, мемлекет сізге ақы төлеуді жалғастыра ма?

Жоқ.  Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз жалданбалы қызметкерге автоматты түрде ауысады және мемлекет сізге аударым жасауды тоқтатады.  Сондай-ақ, адам жеке кәсіп ашса немесе өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлей бастаса, ол адамға мемлекет төлем жасауды тоқтатады.

Қандай жағдайда студент сақтандырылмай қалуы мүмкін?

Азаматтардың артықшылықты санатына ену үшін студенттер туралы мәліметтерді университеттер Білім және ғылым министрлігіне береді, содан кейін ӘМСҚ ақпараттық жүйелеріне енгізіледі.  Егер студент тізімге енгізілмеген болса және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебе «сақтандырылмаған» болып шығады, оның себебін білу үшін өз университетінің деканатына хабарласу керек.

Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жатсаңыз, бірақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?

Егер сіз 15 жеңілдік санатының біріне жатсаңыз, бірақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, себебін нақтылау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына хабарласуыңыз керек немесе Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасына өтініш жіберуіңіз керек немесе Сіздің аймағыңыздағы Қордың филиалына хабарласу керек.  Себептер әр түрлі болғандықтан, әр жағдай жеке қарастырылады.

Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакетінде медициналық көмек алуға құқылы екеніңізді ұмытпаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен ауруханалар деңгейіндегі жедел медициналық көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу бұл пакетке кіреді және сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлығына ұсынылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған