ӘМСҚ дәрігерлерге 73,7 млрд теңгеден астам үстемақы төледі

64 қаралу саны

«Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеу мақсатында 73 миллиардтан астам теңге бөлді. Тек тамыз айында ғана коронавирус инфекциясымен және пневмониямен күреске тартылған 66 мыңнан астам медицина қызметкері жалақыға үстемақы алады» деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«Қор эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемақы төлеуді жалғастыруда. Наурыз-тамыз айларында 73,7 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы төленді» деді Төкежанов.

Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейгенін еске салды. Оған мобильді бригадалардағы дәрігерлер мен медбикелер, БМСК жанындағы жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық), орталық атқарушы органдардың сот-медициналық бөлімшелерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері кірді.

«Тамыз айының қорытындысы бойынша Қор COVID-19, вирустық пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне 17 млрд теңгеге жуық үстемақы төлейді» деп хабарлады ӘМСҚ басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған