ӘМСҚ аса қажет емес шығындардан бас тарту арқылы 1 миллиардтан астам теңгені үнемдейді

26 қаралу саны

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ауқымды өзгерістер басталады. Олар ішкі үдерістерді өзгертуге, штаттың құрылымын қайта қарауға, шығындардың бір бөлігін оңтайландыруға, әкімшілік шығыстарды азайтуға қатысты болмақ. Алдымен аса қажет емес шығындардан бас тарту жоспарлануда, соның ішінде пиар шығындарын қоса алғанда, 1 млрд теңгеден астам теңге үнемделеді.

Қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен Қордың штат саны қысқарады. Қазір бұл шара орталық аппарат деңгейінде қарастырылуда, кейінірек бұл жұмыс филиалдарда да жүргізілетін болады. Бұдан басқа, филиалдардың қызметі, өкілеттіктері мен жауапкершілігі айтарлықтай өзгереді. Бұл проблемаларды барынша егжей-тегжейлі және аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді. Тариф құру, бюджетті сатып алу және жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау және «ақша пациенттің соңынан еріп жүреді» деген басты қағидатты сақтау туралы болып отыр.⠀

Естеріңізге сала кетейік, ел басшылығы медициналық қызметтердің түпкілікті тұтынушысы – халық үшін барынша пайда әкелетін барлық процестердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, кері байланыс орнату, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі мәселелерін шешу міндетін қойды.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған