Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры: «қайта жүктеу» процесі басталды!

172 қаралу саны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшылықтың келуімен «қайта жүктеу» жұмыстары жүрзілетіні туралы мәлімдеді.

Бұл нені білдіреді?

Біріншіден, медициналық көмекке бағытталған қор шығындарының барлық баптары бойынша айқындық. Халыққа және медициналық қызметтерді тұтынушыларға толық есеп беру.⠀

Екіншіден, жеткізушілермен қарым-қатынаста бизнес-процестердің тиімділігі мен сапасын арттыру. Ішкі операциялық және күрделі қаржы шығындарды оңтайландыру және қайта қарау.

Үшіншіден, Қорды халықты «ести білетін» үкіметтің мүшесіне айналдыру. Ұйымның қызметі туралы қауесеттер аясында кері байланыс арналарының қызметтерін тиімді ету. Ақпараттық саясатта белсенділікті арттыру.

«Жалпы, қорда көптеген жұмыс жүріп жатыр. Біз жүйені қайта жүктеп жатырмыз. Басқарма өзгерді. Жағдайды жан-жақты саралап жатырмыз» деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Қор жұмысының сапасын бағалау және оның қызметін одан әрі жетілдіру үшін арнайы мамандар, экономистер, қаржыгерлер арасынан сараптамалық топ құрылады.

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған