Ұйқының аздығы организміңізге қалай әсер етеді?

62 қаралу саны
  • Тағамның нашар қорытылуы

Ұйқының қанбауы қабынбалы аурулардың және қышқылдық рефлекстің пайда болуына әкеледі.

  • Есте сақтау қабілетінің нашарлауы

Ұйқының аздығы есте сақтау процестеріне және миымыздың жаңа ақпаратты өңдеуіне әсер етеді, бұл, әсіресе оқушылар үшін маңызды.

  • Ашушаңдық

Ашушаңдық пен көңіл-күйдің күрт өзгеруі үнемі ұйқының қанбауы кезінде орын алатыны дәлелденген.

  • Көрудің нашарлауы

Көзге қос көріну, туннельді көру, көрудің нашардығы және тіпті, көру галлюцинациялар – бұның барлығы жиі ұйқы қанбағанда пайда болуы мүмкін.

  • Бастың ауыруы

Ғалымдар созылмалы бас сақиналарын мен бас ауыруын ұйқының нашарлауымен байланыстырады.

  • Жиі тұмаурату

Зерттеулер түн ішінде 5 сағаттан аз уақыт ұйықтаған кезде тұмауға шалдығу мүмкіндігі айтарлықтай артатынын көрсетті.

  • Артық салмақ

Ұйқының аздығы тамақсаулыққа итермелейді, бұл артық салмақтың жиналуына әкелуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған