Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне қандай мәселелерді пысықтауды тапсырды?

114 қаралу саны

Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында өңірлердің әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді.

Үкімет басшысы аталған отырыста өңірлердің әкімдіктеріне мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

  • медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;
  • ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;
  • меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;
  • жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
  • үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);
  • халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған