Үйге барып коронавирустан емдейтін мобильді бригадалар қалай жұмыс істейді?

Фото: Dreamstime
28 қаралу саны

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл соңына дейін 1,4 млн пациентттің үйіне барып қызмет көрсету үшін емханадағы мобильді бригадаларға 7,7 млрд. теңге қарастырды.

Елімізде Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері бар пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 3 мыңға жуық мобильді бригада құрылды. Мобильді бригадалар емхана мен отбасылық амбулатория жанынан уақытша, тіркелген адам санына қарай 5 мың халыққа 1 мобильді бригада деген есеппен құрылады. Мобильді бригадалардың жұмысын өңірлердің денсаулық сақтау басқармасы жергілікті жерлерде ұйымдастырады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржыландырады.

Халыққа мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі. Жоғары температура, ЖРВИ белгілері бар, коронавирусқа немесе пневмонияға күдігі бар пациент жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, ал қалған уақытта (сағат 18-ден кейін, демалыс, мереке күндері) 103 телефоны бойынша аумақтық емхананың тіркеу бөліміне жүгіне алады. Емхананың тіркеу бөлімінде чек-параққа қарап пациенттің жағдайын бағалайды. Оператор кейін емханадағы фильтр кабинетіне өтуге кеңес беруі мүмкін немесе мобильді бригада ұйымдастырады. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және/немесе медбике, қажет болған жағдайда бейінді маман кіреді.

Мобильді бригадалар халыққа мынадай қызметтер көрсетеді:

  • пациентті алғашқы тексеру, ауырлық дәрежесін бағалау;
  • COVID-19 күдікті пациенттерді жедел және ПТР-тестілеу;
  • көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама береді;
  •  қандағы оттегінің сатурациясы 93% төмендеген кезде науқастың төсегінде консультациялық топ мүшесімен аудио-видеоконференция ұйымдастыра отырып, пульсоксиметрия жүргізу;
  •  «COVID-19 Коронавирустық инфекция» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрілік заттарды тағайындау;
  • үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу (бұл жағдайда мобильді бригада жедел жәрдем бригадасын шақырады).

Жағдайының ауырлығына қарай пациентке мынадай медициналық көмек көрсетіледі:

  • амбулаторлық дистанциялық бақылау: күнделікті қоңырау шалу (мониторингтік топ);
  • БМСК дәрігерінің қашықтықтан кеңес беруі;
  • көрсеткіштер болған жағдайда бейінді дәрігердің қашықтықтан консультациясы;
  • амбулаториялық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес: ауруханадан тыс пневмония кезіндегі ересектер үшін, пневмония, жоғарғы тыныс алу жолдарының немесе төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекциялары, синусит/бадамша және аденоид аурулары кезіндегі балалар үшін клиникалық хаттама бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, айғақтары болған жағдайда үйдегі стационар.

Медициналық сақтандыру қоры қызметтердің сапасын жақсарту үшін пациенттер шағым және ұсыныстармен 1406 байланыс орталығына жүгініп, сондай-ақ Qoldau24/7 мобильді қосымшасында шағым қалдыра алады.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған