Үйде консервіленген өнімдер де қауіпті

57 қаралу саны

Соңғы кездері саңырауқұлақтарды,  салаттарды,  баялды улдырығын және үй жағдайында консервіленген басқа да көкөністарді тұтынуға байланысты ботулизм оқиғалары жиі тіркелуде.

Табиғатта ботулинум кең таралған және топырақта, су қоймаларында, балық пен жануарлардың ішектерінде кездеседі. Азық-түлікке түсіп, ғылымға белгілі микробтық улардың ішіндегі адам ағзасына қауіпті токсинді бөліп шығарады.

Уланудың кең тараған себептерінің бірі герметикалық жабық саңырауқұлақ және көкөніс консервілері болып табылады: саңырауқұлақтар мен көкөністерді топырақ бөлшектерінен тазарту қиын, сондықтан бактерия дайындамаларға оңай ене алады.

Ботулизм қоздырғышын өнімдерді автоклавтарда жоғары қысым мен 120 градус температурада зарасыздарндыру арқылы ғана жоюға болады. Үй жағдайында консервілеу кезінде бұл шарттарды орындау мүмкін емес.

Адам ағзасына түскен токсиннің мөлшеріне байланысты, сырқаттанудың клиникалық белгілері тамақты ішкеннен кейін екінші, үшінші күндері ғана білінеді. Ботулизімнің алғашқы белгілері: көз өткірлігінің нашарлауы, ауыз құрғау және бұлшық еттің әлсіреуі. Әдетте науқас боған адамдар «көз алдындағы бұлдырауға», «көз алдындағы  торға», жақында тұрған заттарды айыралмай, көзге қосарланып көріну, қабақтың түсуі, дауыстың тембрі өзгеруі, мұрнынан сөйлеу белгісі, қақалып-шашалу, жұту қабілетінің нашарлауы шағымданады. Дәрігерге кешігіп жүгінсе және ботулизмге қарсы сарсуды дер кезінде алмаса, адам тыныс алуының тоқталуынан өледі.

Егер, тамақтан улану күдігі пайда болса, шұғыл дәрігерді шақыру қажет. Дәрігер келгенше күдіктенген тамақтың қалдығын және құсықты тастауға болмайды. Оларды зертханалық тексеру арқылы уланудың себебін анықтауға және сырқаттанудың әрі қарай таралуының алдын алуға болады. Сондықтан, базарлар мен бейберекет сауда орындарында үй жағдайында дайындалған, шығу тегі мен сапасы белгісіз үй консервілерін сатып алмауларыңызды сұраймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған