ҚР ДСМ-ге 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді

121 қаралу саны

«Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС – алғашқы отандық инновациялық биотехнологиялық фармацевтикалық кешен, жаңа технологиялық жабдықтармен жабдықталған, өндіріс цехтары халықаралық стандарттарға сәйкес тиісті өндірістік практика талаптарын ескерумен жобаланған және салынған. 

Өндіріс технологиясының трансфері нәтижесінде гемофилия, онкология, вирустық гепатит, қант диабеті тәрізді әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін биотехнологиялық дәрі-дәрмектер препараттарын өндіруді жергіліктендіруге мүмкіндік берді, мұндай дәрі-дәрмектер бұған дейін Қазақстан Республикасында өндірілмеген. 

Сонымен қатар биыл өз өндірісімізде жаңа дәрілік препараттар: склерозды емдеу үшін МНН Интерферон бета 1b (ТН Интербетин), миокард инфарктісімен сырқаттанғанда тромбыны еріту үшін Алтеплаза (Ревекард), колоректальді обырды емдеу үшін 100 мг және 400 мг Бевацизумаб  өндіріліп, жеткізілуде. 

Жаңа препараттарды пайдалануға беру биыл 1 тоқсанда Қарағанды фармацевтика кешенінің өндірістік көрсеткіштерін екі есеге арттыруға мүмкіндік берді. 

Отандық биотехнологиялық дәрілік препараттарды жергіліктендіру импорттық дәрі-дәрмектердің бағаларымен салыстырғанда өндірудің өзіндік құнын 10%-дан 30%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 1 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын үнемдеу, сол арқылы тұрғындар үшін қымбат тұратын, денсаулығы үшін аса қажет дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру мүмкіндігі туындады. 

Ары қарай оқу:



Қазіргі сәтте еліміздегі төтенше жағдай кезінде Қарағанды фармацевтика кешені фармацевтика өндірісіне қойылатын қолданыстағы жоғары санитарлық нормаларды сақтаумен карантин шараларын күшейте отырып, өзінің өндірістік жұмысын жалғастыруда. 

Үстіміздегі жылдың наурыз айында кәсіпорын Семиклотин (қан кетуді тоқтататын) дәрілік препаратына артқан қосымша қажеттілікті жүзеге асырды, сондай-ақ Ревекард (миокард инфарктінде тромбыны ерітетін) өндірісін ұйымдастырды, оған қажеттілік жылдық мәнінде 10%-ға артты.    

Қарағанды фармацевтика кешені жаңа заманауи тиімділігі жоғары дәрілік препараттарды өндіруді игеру жұмыстарын жалғастыруда және орташа мерзімді перспективада өз өнімдерімен шетелдердің нарықтарына шығуды жоспарлап отыр. 

Дереккөз: ҚР Үкіметінің сайты

Ары қарай оқу:



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған